Қазіргі уақытта нәрестенің анасы іздестіріліп жатыр.
Фото: pexel
ERNUR.KZ. Шақалақ Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы тұрғын үйлердің терезесінің алдынан табылған, деп жазады inbusiness.kz.
Баланы таңертең уақытта сағат 09:30 шамасында тұрғындардың бірі байқаған.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған деректі растап, баланың анасы іздестіріліп жатқанын хабарлады.
"Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анасы іздестіріліп жатыр. Сәби перзентханада жатыр", - делінген полиция таратқан хабарламада.