​Мәдениет қызметкерлері форумы: театрлар, музейлер мен кітапханаларда заманауи технологияларды қолдану мәселелері талқылануда

0
137


​Мәдениет қызметкерлері форумы: театрлар, музейлер мен кітапханаларда заманауи технологияларды қолдану мәселелері талқылануда

Астанада Мәдениет қызметкерлері форумы жалғасып жатыр. Бүгін форумға еліміздің барлық өңірінен келген музей, театр, кітапхана және мәдени-демалыс ұйымдарының 700-ге жуық қызметкері қатысты.

Форум аясында ғалымдар, тарихшылар мен археологтар музей экспонаттарын сақтау және қалпына келтіру мәселелеріне арналған панельдік сессияға қатысты. Іс-шарада Қазақстан, Әзербайжан және Ресейден келген сарапшылар сөз сөйледі.
Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында театр өнері мен концерттік қызметке арналған семинарлар өтті. Іс-шара аясында Мәдениет нысандары технологиялары және инженерлік шешімдер ассоциациясының ұйымдастыруымен театр және мәдени-көрініс алаңдары мамандарына арналған біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Оған әлемдік деңгейдегі жетекші сала мамандары қатысты. Қатысушылар көрермен әсерін арттыру, сахнаны жарықтандыру мен заманауи визуал және жобалық шешімдер тақырыбын талқылады.
Сонымен қатар, кітапхана-ақпарат саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу, құжаттарды электронды форматқа көшіру және архив қорларын автоматтандыру бойынша семинарлар өтті.
Сонымен қатар бүгін республикалық «Рухани қазына – 2025» фестивалі байқау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Байқауға қатысуға 80-нен астам маман өтінім берді. Жеңімпаздар 9 номинация бойынша анықталады.
Бөлісу