Қызылордада әйелінің киім-кешегін өртеп жіберген азамат 3 ай бойы қатаң бақылауда жүреді

0
97

​Сот оның 3 ай бойы ішімдік ішіп, есірткі тартпауын қадағалайды.


Қызылордада әйелінің киім-кешегін өртеп жіберген азамат 3 ай бойы қатаң бақылауда жүреді

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Қызылорда облысы Сырдария ауданының соты мас күйінде әйеліне былапыт сөз айтып, отбасының берекесін қашырған, тіпті, ұрыс кезінде әйелінің киім-кешегін өртеген азаматты соттады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ол 5 күн қамалады, одан кейін 3 ай бойы ішімдік ішпей, есірткі тартпауы керек.

«Азамат кінәсін мойындады. Сот оны 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алды. Сот азаматтың мінез-құлқына 3 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талап белгіледі», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Зәбір көрген әйел күйеуінің бұл әрекетін кешірмейтінін айтқан.