Қызылордада баласына 12 млн теңге алимент төлемеген әке қылмыстық жауапқа тартылды

0
114


Қызылордада баласына 12 млн теңге алимент төлемеген әке қылмыстық жауапқа тартылды

Фото: BAQ.kz

ERNUR.KZ. Алименттен жалтарғандарға қатысты ондаған қылмыстық іс қозғалды. Кейбірі сотталса, өзгелерінің ісі әлі қаралып жатыр, деп жазады baq.kz.

Қызылорда облысының прокурорлары алимент төлеуден жалтарған қаскөй борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тартты. Облыс прокуратурасы 2026 жылы алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін қасақана орындаудан жалтарған борышкерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабымен 32 қылмыстық іс тіркелді.

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін ҚК-нің 139-бабына сәйкес 600 (алты жүз) сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

“ Аталған қылмыстық істер бойынша 12 борышкерге қатысты айыптау үкімдері шығарылып, 5 қылмыстық іс тараптардың татуласуымен тоқтатылды және 3 қылмыстық іс сотта қаралуда, қалған 12 іс қылмыстық қудалау органдарының өндірісінде , - деп хабарлады Қызылорда облысы прокуратурасы.

Прокуратура мамандары атап өткендей, мысалы, борышкер «Ж.А.»-ның 2023 жылдан бастап қалыптасқан 12 млн теңге алимент берешегін төлеуден жалтарғаны үшін Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 20.05.2026 жылғы үкімімен 1 (бір) жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Облыс прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағу міндеті ата-аналарға жүктелгенін еске салады және алиментті төлеу жөніндегі міндеттерін уақытылы орындауға шақырады.