Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
ERNUR.KZ. Қызылорда облыстық полиция департаменті Арал ауданында тәртіп сақшысының пара алып ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп жазады inbusiness.kz.
“ Қызылорда облысы полиция департаменті қызметкерінің заңсыз іс-әрекетіне қатысты қылмыстық іс тіркелді. Басқа мәліметтер Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабының талабына сәйкес жарияланбайды “, – делінген хабарламада.
Департамент заң бұзушының мәртебесіне қарамастан кез келген заңсыз әрекетті қатаң айыптайтынын мәлімдеді.
“ Қазіргі уақытта тіркелген деректің барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр “, – делінген хабарламада.