​Қытайлық компания Шиеліде күн электр станциясын салып жатыр

0
226

Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде бұл мақсатқа 80 гектар жер берілген.


​Қытайлық компания Шиеліде күн электр станциясын салып жатыр

Фото: Қызылордa облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында жалпы қуаты 89 МВт болатын 9 күн электр станциясы жұмыс істеп тұр, деп жазады inform.kz.

Тағы бір күн электр станциясын Шиелі ауданында қытайлық компания салып жатыр.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметіне сүйенсек, оның қуаттылығы — 40 МВт, жоба құны — 11,5 млрд теңге. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде бұл мақсатқа 80 гектар жер берілген.
«Жоба бастамашысының ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта құрылыс жұмысының 80%-ы аяқталған. Станцияны тамыз айында іске қосу жоспарланып отыр. Сол кезде жергілікті тұрғындар үшін 20 жаңа жұмыс орнын ашылмақ», - делінген хабарламада.