Олар толықтай жүргізушісіз басқарылады.
ERNUR.KZ. Қытайдың Таншань қаласынан Астана қаласына LRT-ның алғашқы екі заманауи пойызы жөнелтілді. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Жаңа LRT пойыздарының ерекшелігі
- Пойыздар автоматтандырудың 4-деңгейіне сай – толықтай жүргізушісіз басқарылатын
- Әр құрам 650 жолаушыны тасымалдай алады
- Барлығы 19 құрам жеткізіледі
- Алғашқы екеуі 2025 жылғы маусымда Астанаға келеді
- Қалған 17 пойыз жыл соңына дейін жеткізілмек