Қыркүйекте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті өтеді

0
112

Қазақстан СІМ басшысы ұйым қызметін жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.


Қыркүйекте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті өтеді

фото: пресс-служба МИД Казахстана

АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Отырыс барысында қазіргі халықаралық жағдайда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси үйлестіруін тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасу өтіп, биыл қыркүйекте Тяньцзинь қаласында өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммитіне дайындық барысы талқыланды.
Өз сөзінде Қазақстан СІМ басшысы орнықты даму мүддесі үшін Ұйымның өзара тиімді серіктестікті қалыптастыру және ШЫҰ кеңістігін бейбітшілік пен өркендеу өңіріне айналдыру әлеуетіне сенім білдірді.
"ШЫҰ – тең құқықты ынтымақтастықтың бірегей моделіне негізделген көпжақты институт ретінде өз беделі мен тиімділігін нығайта береді деп сенемін", – деді Нұртілеу.
Қазақстан сыртқы істер министрі 2024 жылғы шілдеде өткен Астана саммитінің қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруда Қытай тарапы жүргізіп жатқан жүйелі жұмысты жоғары бағалады. Ол ұйым қызметін жетілдіру және оның институционалдық дамуын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
"Сапар аясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволар басшыларының Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен бірлескен кездесуі өтті", - деп жазылған хабарламада.
Кездесу барысында сенімге, теңдікке және өзара құрметке негізделген диалогты дамыту мен практикалық өзара іс-қимылды нығайтуға бейілділік расталды. Қатысушылар өңірлік тұрақтылықты, қауіпсіздікті және орнықты дамуды қамтамасыз ету мүддесінде көпжақты серіктестікті тереңдетуге басымдықты қуаттады.