​Қырғыз әуе компаниясы Алматыға алғашқы рейсін орындады

0
128

Биыл Қазақстан жалпы 32 халықаралық әуе рейсін іске қосады.


​Қырғыз әуе компаниясы Алматыға алғашқы рейсін орындады

Фото: Алматы халықаралық әуежайы

ERNUR.KZ. Бүгін Қырғыз Республикасының Asman Airlines әуе компаниясы Қазақстанның авиациялық нарығына қосылды, деп жазады inform.kz.

Asman Airlines ұшағы Алматы халықаралық әуежайына алғашқы рейсін орындады. Әуе компаниясы Тамшы (Ыстықкөл) – Алматы – Тамшы (Ыстықкөл) бағыты бойынша аптасына екі рет дүйсенбі және жұма күндері тұрақты тікелей жолаушы рейстерін орындайды.

Алматы әуежайының мәліметінше, компания Алматы – Ош бағытын ашып, сондай-ақ қыста мегаполистен Қаракөлге рейстерді орындауды жоспарлап отыр.
Еске салайық, бұған дейін China Southern Airlines әуе компаниясы Гуанчжоу – Алматы – Гуанчжоу бағытындағы жаңа халықаралық әуе бағытын іске қосқанын жазғанбыз.
Биыл Қазақстан жалпы 32 халықаралық әуе рейсін іске қосады. Оның 15-сі мүлде жаңа бағыттар болады. Ал жаңа лоукостерлердің тізімінде Spice Jet (Үндістан), Thai AirAsia X (Таиланд), Easter Jet (Оңтүстік Корея), T’Way Air (Оңтүстік Корея), Air Arabia Abu Dhabi (БАӘ) бар.