Қымбат көлік тізгіндеп, жалған нөмір таққан депутат қамауға алынды

0
187

Оқиғаға байланысты AMANAT партиясының Түркістан облыстық филиалы да талқылау өткізіп, депутатқа ресми сөгіс жариялады.


Қымбат көлік тізгіндеп, жалған нөмір таққан депутат қамауға алынды

Фото: tengrinews

ERNUR.KZ. Шымкентте жол ережесін өрескел бұзып, көлігіне жалған мемлекеттік нөмір таққан AMANAT партиясының мүшесі, Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты Ерғали Аманбаев төрт тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ол сондай-ақ көлік жүргізу құқығынан бір жылға айырылды, деп жазады Skifnews.kz.

Желіде тараған видеода Lexus жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпай, жолаушыны жолдың ортасында түсіріп, қарсы жолаққа шығып кеткені анық байқалады. Кейін көліктің үстінде жалған «777» нөмір орнатылғаны белгілі болды.

Сотта Аманбаев жалған нөмірді өзі тақпағанын айтып, кінәні ағасына жапты. Ол судьядан жазаны жеңілдетуді сұрағанымен, өтініші қанағаттандырылмады. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Оқиғаға байланысты AMANAT партиясының Түркістан облыстық филиалы да талқылау өткізіп, депутатқа ресми сөгіс жариялады.

Бұған дейін полиция Аманбаевқа бірнеше әкімшілік хаттама толтырған: көлікке жалған нөмір тағу, қарсы бағытқа шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау, міндетті сақтандырудың болмауы және қозғалыс бастар алдында сигнал бермеу.

Желі қолданушылары видеодағы жүргізушінің мәслихат депутаты әрі «Қарабатыр» ЖШС директоры Ерғали Аманбаев екенін бірден таныған.