Құрылтайдың жаңа депутаты ант берді

0
178

Гүлнәр Тойлыбаева өз өтініші бойынша Құрылтайдан кеткен Татьяна Савельеваның орнына келді.


Құрылтайдың жаңа депутаты ант берді

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Құрылтайға жаңадан келген депутат Гүлнәр Тойлыбаева ант берді, деп жазады sputnik.kz.
Тойлыбаева өз өтініші бойынша Құрылтайдан кеткен Татьяна Савельеваның орнына келіп отыр. "Әділет" партиясының жаңа депутаты қаржы және бюджет комитетінің құрамында жұмыс істейді.
Айта кетері, Савельева президент жарлығымен қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалған болатын. Экс-депутат министрліктің бюджетіне жауап береді.