Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы 150 параспортшы спорттың 12 түрінен бақ сынап жатыр.
Түркістандық Бексұлтан Құлмырза Азия пара ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістандық балуан Бексұлтан Құлмырза V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды. Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетуде. Пара дзюдодан J2 санаты бойынша 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған түркістандық Бексұлтан Құлмырза жарыстың ақтық белдесуінде Оңтүстік Корея өкілі Ким Дон Хунды жеңіп, Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.
Айта кетейік, V Азия Пара ойындары 18-24 қазан аралығында өтеді. Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы 150 параспортшы спорттың 12 түрінен бақ сынап жатыр.


