«Құрсағындағы баламыз да аман қалмады»: Ақтөбеде жүкті әйелдің аяқасты қысымы көбейіп, көз жұмды

0
97

​Оның жолдасы жедел жәрдемде болған оқиғаны баяндап берді.


«Құрсағындағы баламыз да аман қалмады»: Ақтөбеде жүкті әйелдің аяқасты қысымы көбейіп, көз жұмды

Фото: скриншот, КТК телеарнасы

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласында 41 жастағы Айжан Аязбаева есімді келіншек жүктілігінің 29-аптасында аяқасты қысымы көбейіп, ауырған. Жолдасы Руслан Сырлыбаев тез арада жедел жәрдем шақырып, әйелін тексерте бастаған. Алайда, сол күні комаға түскен келіншек 1 желтоқсан күні көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz.

Сұхбат берген Руслан Сырлыбаев сол күнгі жағдайды көзіне жас алып, айтып берген.

«Жүкті болғаннан бері келіншегім ауырмаған. 29 қараша күні әйелімнің қысымы көбейіп кетті. Жедел жәрдем бірінші рет өлшегенде 210, екінші рет өлшегенже 185 болды. Алдымен оған дәрі берді. Кейін магнезия екті. Сол екпеден кейін Айжан қатты қысылып кетті. Құсты. Жедел жәрдемнің фельдшерлері оны зембілге салып, көлікке әкетті», - дейді Руслан.

Көлік ішінде фельдшерлер құрсақтағы баланың жүрек қағысын тыңдаған.

«Жедел жәрдемнің көлігінде жатқанда Айжан ес-түссіз күйде болды. Аузынан көбік ақты. Оны облыстық периниталды орталыққа жатқызып, шұғыл түрде кесір тілігін жасады. Әйелім 13 күн комада жатып, 1 желтоқсанда көз жұмды», - дейді марқұмның жолдасы.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасы ресми мәлімдемеде өлімнің нақты себебін анықтамаған. Қазір тексеру жүріп жатыр.