Күн белсенділігінің артуы X класындағы қуатты жарқылға ұласты

0
117

2026 жылдың 12 тамызында бірқатар ел тұрғындары жылдың ең елеулі астрономиялық оқиғаларының бірі - Күннің толық тұтылуын тамашалай алады.


Күн белсенділігінің артуы X класындағы қуатты жарқылға ұласты

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Күнде X класты қуатты жарқыл байқалды. Бұл туралы 1 шілдеде РФҒА Ғарыштық зерттеулер институты Күн астрономиясы зертханасы Telegram-арнасында мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Міне, алғашқы X-жарқыл да болды", - делінген жарияланымда.

Бұған дейін ғалымдар Күн белсенділігінің күрт артуы туралы ескерткен болатын. Олардың деректері бойынша, жұлдызда жарқыл спиралі қарқынды түрде шиыршықтала бастаған. Бір тәулік ішінде 17 жарқыл тіркелді, ал бір күн бұрын олардың саны небәрі 8, оның алдында 5 болған еді. Мамандар жоғары деңгейлі жарылыстардың кез келген уақытта басталуы мүмкін екенін атап өтті.

Ғарыштан түсірілген суреттер беткі қабатта бір-бірінен оқшау көрінген екі дақтар тобының Күн тәжі деңгейінде бір-бірін тауып, магнит өрісінің сызықтары арқылы белсенді түрде энергия алмасатын біртұтас күрделі магниттік құрылым түзгенін көрсетті.

"Бір жағынан, бұл жағдайды біршама жеңілдетеді, өйткені артық энергияны көршілес аймаққа бағыттауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, мұндай конгломерат шын мәнінде аса қуатты жарылыс үшін энергия жинай алатын орасан зор біртұтас резервуар саналады", - деп түсіндірді ғалымдар.

Мұндай күрделі құрылымдар үшін математикалық модельдеу іс жүзінде қауқарсыз, себебі олардың магниттік жүйесінің көп бөлігі Күн бетінің астында жасырылған. Мамандардың бағалауынша, жағдай кез келген сценарий бойынша өрбуі мүмкін.

Еске сала кетейік, 2026 жылдың 12 тамызында бірқатар ел тұрғындары жылдың ең елеулі астрономиялық оқиғаларының бірі - Күннің толық тұтылуын тамашалай алады. Бұл күні кейбір бақылаушылар үшін Ай Күн дискісін толығымен жауып тастайды, ал Солтүстік жарты шардың миллиондаған тұрғыны оның ішінара тұтылуын көреді.