Құлағы жыртылған: Алматы облысында иттер 10 жасар баланы талап тастады

0
141

Иттер жеке аумақтан шығып кетіп, өтіп бара жатқан адамдардың көз алдында балаға тап берген.


Құлағы жыртылған: Алматы облысында иттер 10 жасар баланы талап тастады

ERNUR.KZ. Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Жалпақсай ауылында үш төбелеске бейім ит – бір питбуль және екі ротвейлер 10 жасар балаға шабуыл жасады, деп жазады baq.kz.

Иттер жеке аумақтан шығып кетіп, өтіп бара жатқан адамдардың көз алдында балаға тап берген. Куәгерлердің айтуынша, екі ер адам араша түсіп, зорға дегенде баланы иттердің аузынан алып шыққан.

Бала ауыр жарақат алған, құлағы жыртылып кеткен, денесінде көптеген тістеу іздері бар. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Баланы құтқарып қалған жергілікті тұрғынның бірі питбульді атып өлтіруге мәжбүр болған. Ал иттердің иесі өз кінәсін мойындамай отыр.