"ҚТЖ" басшысы қызметінен босатылды

0
74

Ол осы қызметке 2025 жылы 3 шілде күні тағайындалған болатын.


фото: Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің өкілеттілігі тоқтатылды, деп жазады sputnik.kz.
Компанияның акционері - "Самұрық-Қазына" қоры бүгін өз шешімін жариялады.
"Жалғыз акционердің шешімімен "Қазақстан темір жолы" ҰК" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновтің өкілеттігі тоқтатылды", - делінген ресми хабарламада.
Алдыбергенов осы қызметке 2025 жылы 3 шілде күні тағайындалған болатын. Бұған дейін ҚТЖ-ны Нұрлан Сауранбаев басқарды. Қазіргі кезде ол көлік министрі қызметін атқарып жүр.