ҚР АШМ Аграрлық несие корпорациясымен бірлесіп бордақылау алаңдарына жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске қосты

0
135

2025 жылға қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 50 млрд теңгені құрайды.


ҚР АШМ Аграрлық несие корпорациясымен бірлесіп бордақылау алаңдарына жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске қосты
ERNUR.KZ. Бағдарламаның негізгі мақсаты – айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдетілген шарттармен несие беру арқылы ірі қара және ұсақ мал бордақылау алаңдарын қолдау, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Қаржыландыру шарттары:

Қарыз мерзімі – 12 айға дейін.

Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%.

Бағдарламаға негізгі бағыты ретінде ірі қара/ұсақ мал бордақылау болып табылатын, тиісті өндірістік инфрақұрылымы бар кәсіпорындар қатыса алады.

Жобаларға қойылатын талаптардың бірі – бордақыланған малдың кемінде 50%-ын отандық ет өңдеу кәсіпорындарына өткізу.

Кеңес алу және қаржыландыруға өтінім беру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жақын жердегі өңірлік филиалына жүгіну қажет. Қосымша ақпаратты Agrocredit.kz сайтынан немесе 5353 call-орталығы нөмірі арқылы алуға болады.