"Көзқарасты түбегейлі өзгерту керек": премьер сауда желілеріне ескерту жасады

0
139

Бүгінде халық тұтынатын тауарларды шығаратын отандық өндірушілер көп жағдайда сауда алаңдарына қол жеткізе алмай жатады.


© Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Премьер-министр Олжас Бектенов сауда желілеріне ескерту жасады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Бүгінде халық тұтынатын тауарларды шығаратын отандық өндірушілер көп жағдайда сауда алаңдарына қол жеткізе алмай жатады. Әсіресе, жалдау ақысының жоғары болуына байланысты қиындықтар да бар. Бұның бәру ішкі нарықта қазақстандық өнімнің үлесін кеңейтуге кедергі келтіріп, бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.

"Сауда желілерінің иелері қазақстандық тауарларға деген көзқарасын түбегейлі өзгертуге тиіс деп санаймын. Отандық өнімнен бұрын импорттық тауарларға басымдық беру құқықтық жағынан ғана емес, моральдық тұрғыдан да дұрыс емес", - деді Бектенов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Осыған байланысты премьер жеңіл өнеркәсіп пен тұрмыстық химия өнімдерін шығаратын отандық өндірушілерге сауда алаңдарын жалға алудың қолайлы шарттарын ұсынудың нақты тетіктерін әзірлеуді тапсырды.
Бұлан бөлек, отандық өндірушілер өз өнімдерін өткізу кезінде негізсіз әрі басы артық әкімшілік талаптарға тап болмауға тиіс. Ал барлық талап бір құжатта жинақталып, жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйеде тұруы қажет.
"Сондай-ақ бір ай мерзімде халық арасында ең көп сұранысқа ие басым тауар санаттарын айқындау қажет. Әрбір санат бойынша ішкі нарықтағы отандық өнімнің үлесін арттыруға арналған нысаналы көрсеткіштерді белгілеу керек", - деді Бектенов.