Қостанайдың орталығында төбелес видеоға түсіп қалды

0
174

Оқиға 21 шілдеде кешкі уақытта "ЦУМ" сауда-ойын-сауық орталығы маңында болған.


Қостанайдың орталығында төбелес видеоға түсіп қалды

фото: видео кадры

ERNUR.KZ. Қостанай тұрғындары қала орталығындағы жанжалды видеоға түсіріп алды. Видеоны полиция түсіндіріп өтті, деп жазады tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, оқиға 21 шілдеде кешкі уақытта "ЦУМ" сауда-ойын-сауық орталығы маңында болған.

"Төрт ер адам алкоголь ішіп отырған. Полиция қызметкерлерінің ескертуіне екеуі агрессивті түрде жауап беріп, қарсылық көрсеткен. Жанжалға қатысушылар ұсталып, қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Олардың әрекетінен күш қолдану арқылы бұзақылық белгілері байқалады. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша ең жоғары жаза алты жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, оқиғаға қатысушылардың барлығына полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған.