Қостанайда науқастың шабуылынан жарақат алған дәрігер санитарлық авиациямен Астанаға жеткізіледі

0
125

​17 шілде күні Қостанай облыстық ауруханасының дәрігері науқастың шабуылына ұшырап, салдарынан ауыр жарақат алды.


Қостанайда науқастың шабуылынан жарақат алған дәрігер санитарлық авиациямен Астанаға жеткізіледі

Фото: Яндекс Карты/Тobolinfo.kz

ERNUR.KZ. Есінен танып қалған Антон Кистанов кейіннен комаға түсті. Аурухана дәрігердің қазіргі жағдайын баяндады, деп жазады stan.kz.

Қостанай облыстық ауруханасының мәліметінше, дәрігер әрі қарай ем қабылдау үшін санитарлық авиациямен Астанаға жедел медициналық жәрдем орталығына жеткізіледі.

“Дәрігерге жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың ауыр контузиясы, оң жақта жедел субдуральды қан кету, сол жақтағы артқы бассүйек шұңқыры негізінің тұйық сызықты сынуы, оң жақта төменгі еріннің шырышты қабығының контузияланған жарасы, желке аймағының жұмсақ тіндерінің контузиясы диагнозы қойылды. Тексеруден кейін ренемакс бөлімшесіне жатқызылды, консервативті терапия тағайындалды. Жедел көмек көрсетіп, телемедициналық консультациялар жүргізгеннен кейін бүгін шешім қабылданды. Антон Кистанов әрі қарай емдеу үшін санитарлық авиациямен Астанаға жедел медициналық жәрдем орталығына жіберіледі”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін кезекте тұрған науқас дәрігерді соққыға жыққаны туралы хабарлаған едік. Науқастың шабуылынан дәрігер есінен танып қалған.