Қостанайда баланы үтікпен күйдірген тәрбиеші сотталды

0
210

Айыпталушының іс-әрекеті қылмыстық теріс қылықтар мен кішігірім ауыр қылмыстар санатына жатады.


Қостанайда баланы үтікпен күйдірген тәрбиеші сотталды

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Қостанай облысындағы Әлеуметтік арнайы қызметтер көрсететін балалар орталығының тәрбиешісіне балаға зәбір көрсеткені үшін сот үкімі шықты, деп жазады BAQ.KZ.

Бұл туралы облыстың кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлады.

Оқиға 2024 жылғы 14 наурызда болған – әйел балаға дене жарақатын салған.

Сот отырысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді – сот оның шын өкінуін және кәмелетке толмаған баласының барын жеңілдететін мән-жайға жатқызды.

Сот түсіндіргендей – аз және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам қылмыстан келтірілген залалды өз еркімен өтеп, моральдық және өзге де зиянды жойған жағдайда бас бостандығынан айырылмайды.

Айыпталушының іс-әрекеті қылмыстық теріс қылықтар мен кішігірім ауыр қылмыстар санатына жатады.

Сот әйелді – кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамады және дәрменсіз күйдегі кәмелетке толмағанға әдейі жеңіл дене жарақатын келтірді деп таныды.

Үкім бойынша ол – алты ай мерзімге бас бостандығын шектеуге, 3 жылға педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмысқа байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыруға сотталды.

Сондай-ақ, пробациялық бақылауға алынып – жаза мерзімі бойы мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды.