Қостанай облысындағы трагедия: ер адам әйелі мен ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

0
109

Әулиекөл ауданында отбасына қатысты аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен полицейлер 51 жастағы ер адамды ізін суытпай ұстаған.


Қостанай облысындағы трагедия: ер адам әйелі мен ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Қостанай облысында полицейлер екі адамды өлтірді деген күдікпен 51 жастағы ер адамды ұстады, деп жазады tengrinews.kz.

Әулиекөл ауданында отбасына қатысты аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен полицейлер 51 жастағы ер адамды ізін суытпай ұстаған.

"Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу органдары барлық мән-жайларды мұқият анықтап жатыр", - делінген хабарламада.

Полиция "қылмыс жазасыз қалмайтынын" атап өтеді. Кінәлі заңға сәйкес қатаң жазаланады.

Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, ер адам әйелі мен ұлын өлтірді деген күдікке ілінген.