Насиф Магеррамовты туыстары, еріктілер мен полиция бірнеше ай бойы іздеді.
Фото: Instagram/poisk_region_10
ERNUR.KZ. Қостанай облысында 2024 жылдың күзінде жоғалған Насиф Магеррамовтың мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
1999 жылы туған жігіт 21 қыркүйек күні сағат 17:00 шамасында Қостанай ауданына қарасты Майкөл ауылындағы үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі оралмаған.
Үміт үзілмеген еді, бірақ іздеу қайғылы аяқталды
«21 қыркүйектен бері оны туыстары, полиция, еріктілер мен біз – «Регион-10» іздеу жасағы бірлесіп іздедік. Соңына дейін үмітімізді үзбедік. Өкінішке қарай, бұл оқиға қайғылы аяқталды.
Жасақ атынан марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Жандарыңызға сабыр берсін.
Іздеуге атсалысқан әр адамға, парақшамен бөліскендерге, үнсіз қалмағандарға алғыс білдіреміз. Бір-біріңізге қамқор болыңыздар», – делінген «Регион-10» еріктілер тобының Instagram парақшасында.