Қостанай облысында әкесі мен қызы Тобыл өзеніне батып кетті

0
89


Қостанай облысында әкесі мен қызы Тобыл өзеніне батып кетті

Видео кадры

ERNUR.KZ. Қостанай облысында Тобыл өзенінің жағасында демалып жүрген ер адам мен кәмелетке толмаған қыз қаза болды. Қайғылы оқиға 13 тамызда Нечаевка ауылының маңында болған, деп жазады Ulysmedia.kz.

Tobolinfo мәліметінше, ер адам суға бес баламен бірге барған. Олар шомылуға арналмаған жерді таңдаған.

Бір кезде екі қыз суға бата бастаған. Оның біреуі өз күшімен жағаға шығып үлгерген, ал екіншісі су астына кеткен.

Ер адам қызды құтқаруға әрекеттенген. Алайда қолда бар мәліметке сүйенсек, оның өзі де жүзе алмаған.

Қатты ағыс екеуін де жағадан алыстатып әкеткен. Оларды құтқарып қалу мүмкін болмады.

ТЖД мәліметінше, сүңгуірлер қыздың денесін сол күні кешке тауып, судан шығарған.

Ер адамды іздеу 14 тамызда жалғасып, сол күні оның да денесі табылды.

ТЖД қызметкерлері жағалау бойымен шамамен 2,5 шаршы шақырым аумақты тексерді. Дрон арқылы 12 гектардан астам жер қаралып, сүңгуірлер өзен түбінің шамамен 39 мың шаршы метрін зерттеді.