Қорғаныс министрлігі Польшада қазақстандық әскери атташенің қызметкері ұсталғанын растады

0
125

Ведомство осыған қатысты арнайы хабарлама таратты.


Қорғаныс министрлігі Польшада қазақстандық әскери атташенің қызметкері ұсталғанын растады

Фото: Қорғаныс министрлігі

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі Польшада қазақстандық әскери атташенің қызметкері ұсталғанын ресми түрде растады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ведомство осыған қатысты арнайы хабарлама таратты.

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Халықаралық қатынастар орталығы Польша құқық қорғау органдарының қазақстандық әскери атташенің аппарат қызметкерін ұстау фактісін растайды.
Қазіргі уақытта бұл жағдайды шешу үшін шетелдік тараппен өзара іс-қимыл жасалуда. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр», – делінген министрлік хабарламасында.