ERNUR.KZ. Корейлік әртіс Сон Иль Гук қазақстандық киносүйер қауымға «Ханзада Жумонг» телехикаясы арқылы жақсы таныс, деп жазады inform.kz.
«Қазақстанда «Ханзада Жумонгтың» танымалдылығының арқасында мен осында болу құрметіне ие болдым. Қазір сіздерді корей халқының классикалық-музыкалық қойылымы күтіп тұр. К-драмасынан асып түсетін К – классикасына сүйсінесіздер деген үміттеміз», - деді Сон Иль Гук елордада Қазақстан және Корей республикасы Президенттерінің қатысуымен өткен гала-концертте.
Сондай-ақ, корейлік әртіс Президенттердің құрметіне арналған гала-концертті жүргізді.