Колледж директоры қызметкерлерге арналған 30 миллион теңгені қалтасына басты

0
515

Маңғыстауда ірі көлемдегі парамен ұсталған директорға қатысты сот үкімі шықты.


Колледж директоры қызметкерлерге арналған 30 миллион теңгені қалтасына басты

ERNUR.KZ. Маңғыстауда колледж директоры ірі көлемдегі парамен ұсталды. Мемлекетке келтірілген шығын 29 млн 500 мың теңге өндірілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Бюджет қаражатын тиімді пайдалану заңдылығының сақталуына тұрақты түрде талдау жүргізіледі. Талдау барысында гуманитарлық колледж директоры қызметкерлерге тиесілі еңбек сыйақы төлемдерін жымқырғаны белгілі болды. Атап айтқанда, колледж директоры 2022 жылғы желтоқсан және 2023 жылдың тамыз айлары аралығында колледждің 29 қызметкеріне сыйақы беру туралы негізсіз бұйрықтар шығарып, 29,5 млн теңгені заңсыз иемденген», - делінген хабарламада.

Бейнеу аудандық сотының 16 мамырдағы үкімімен колледж директоры ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Мемлекетке келтірілген шығын 29 550 929 теңге өндірілді.