Көлік үстіндегі шпагат: Оралдық өрт сөндіруші ерекше трюк жасады

0
138

Желі қолданушылары өрт сөндірушінің физикалық дайындығына және қазақстандық техниканың сапасына тәнті болып, түрлі пікірлер қалдырды.


Көлік үстіндегі шпагат: Оралдық өрт сөндіруші ерекше трюк жасады

ERNUR.KZ. Орал қаласының өрт сөндірушісі жүріп бара жатқан екі өрт сөндіру көлігінің үстінде шпагат жасап, әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті. Бұл трюк қазақстандық техниканың сапасы мен құтқарушының шеберлігін айқын көрсетті, деп жазады baq.kz.

Оралда Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушысы ерекше трюк жасап, ел назарына ілікті. Ол қозғалыстағы екі ауыр жүк көлігінің үстінде шпагатқа отырып, атақты Жан-Клод Ван Даммның трюгін қайталады. Видеожазба әлеуметтік желіде кең тарап, желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленді.

Аталған бейнеролик "УральскАгроРемМаш" компаниясының ресми парақшасында жарияланды. Компания өкілдері видеодағы өрт сөндіру көліктері отандық өнім екенін ерекше атап өтті:

Бұл – шетелден әкелінген техника емес. Бұл – біздің инженерлер мен жұмысшылардың еңбегі. Қазақстанда жасалған, қазақстандықтар үшін! – делінген жазбада.

Желі қолданушылары өрт сөндірушінің физикалық дайындығына және қазақстандық техниканың сапасына тәнті болып, түрлі пікірлер қалдырды.

Жан-Клод Ван Дамм демала тұрсын!, Керемет! Жасасын отандық өндіріс!, Батыр да, техника да – өзіміздікі. Мақтаныш!, - деп пікір білдіруде желі қолданушылары.

Еске салайық, бұған дейін аптап ыстықта баланы көтеріп, жаяу жүрген фельдшердің мейірімділігі туралы жазған болатынбыз.