Көкшетауда энергетикалық сусындар жасөспірімнің асқазанын күйдіріп жіберген: видео

0
176

Көкшетауда Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері мектеп оқушысына шұғыл және күрделі ота жасады.


Көкшетауда энергетикалық сусындар жасөспірімнің асқазанын күйдіріп жіберген: видео

Фото: depositphotos.com/photovs

ERNUR.KZ. Көкшетауда энергетик 16 жастағы жасөспірімнің асқазанын күйдіріп жіберген. Ол ішінің қатты аурып тұрғанына шағымданып ауруханаға түседі. Оған жедел түрде ота жасалды, деп жазады tengrinews.kz.

Көкшетауда Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері мектеп оқушысына шұғыл және күрделі ота жасады. Себебі – энергетикалық сусындарды жиі ішу ішкі ағзалардың ауыр зақымдануына алып келген.

Дәрігерлер лапароскопиялық операция жасап, жараны тіккен, құрсақ қуысын іріңнен тазалап, дренаж орнатқан.

Енді жасөспірім ұзақ уақыт сауықтыру кезеңінен өтуі керек.

"Балада асқазанның тесілген жарасы және жайылған іріңді перитонит анықталды. Мұндай ауыр диагноздың себебі – энергетиктерге әуестік.
Жасөспірімді күрделі оңалту кезеңі күтеді, енді денсаулығы бұрынғыдай болмайды. Асқазанда тыртық пен жара іздері қалады", – деді хирургия бөлімінің меңгерушісі Ернар Қожабеков.

Дәрігерлердің айтуынша, энергетиктерді шамадан тыс тұтыну жара, гастрит, жүрек аурулары және басқа да ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.