Көкпар кезінде жол талғамайтын көлікпен аттарды қаққан жүргізуші ұсталды

0
258

Оқиға 2025 жылдың 1 қарашасында Шиелі ауданы Алғабас ауылында болған.


Көкпар кезінде жол талғамайтын көлікпен аттарды қаққан жүргізуші ұсталды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында көкпар кезінде жол талғамайтын көлік аттарды қағып кетті. Полиция қылмыстық іс қозғап, жүргізушіні ұстады, деп жазады baq.kz.

Оқиға 2025 жылдың 1 қарашасында Шиелі ауданы Алғабас ауылында болған. Полиция департаментінің мәліметінше, бейнежазба әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін тексеру жүргізілген.

Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі редакциямызға аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Аталған жағдай бойынша тексеру жүргізілді. Ойын барысында 102 арнасына ешқандай хабарлама түспеген. Қазіргі уақытта бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік жүргізушісі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді, – деп хабарлады Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оқиғаға қатысқан барлық тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар, көкпарды ұйымдастырған азамат уәкілетті органдарды алдын ала хабардар етпегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полиция тұрғындарға кез келген спорттық-бұқаралық немесе мәдени іс-шара өткізу кезінде жергілікті билік пен құзырлы органдарға алдын ала хабарлау қажеттігін ескертті.