"Хавала" жүйесі қолданылған: Қазақстанда ірі темекі контрабандасы әшкереленді

0
108

5 күдікті қамауға алынды.


Фото: aif.ru

ERNUR.KZ. ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Қазақстан Республикасының аумағына таңбалаусыз темекі өнімдерін заңсыз әкеліп, өткізумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz.

Тергеу амалдарына сай, Жамбыл облысының тұрғыны Қырғыз Республикасынан темекі өнімдерін заңсыз жеткізу арнасын ұйымдастырып, оларды өзіне бағынысты тұлғалар арқылы өткізген.

Контрафактілік өнім Тараз қаласындағы сауда орындары арқылы сатылып, сондай-ақ Алматы, Шымкент қалаларына, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарына жөнелтілген.

Тергеу барысында 30-дан астам тінту жүргізілді. Заңсыз айналымнан жалпы құны 293 млн теңге болатын таңбалаусыз 319 мыңнан астам қорап темекі өнімі тәркіленді. Төленбеген акциздердің сомасы 115 млн теңгені құрады.

Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында тауарды жеткізу мен өзара есеп айырысуды қамтамасыз еткен Қырғыз Республикасының азаматтары болған.

Қаржы ағындарын жасыру мақсатында қылмысқа қатысушылар банктік жүйеден тыс ақша аударуға мүмкіндік беретін бейресми "Хавала" есеп айырысу жүйесін пайдаланған.

Сот санкциясымен өнімді тасымалдауға пайдаланылған үш автокөлікке тыйым салынды.

Тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.