Хасан Қасымбаев ісі: сот жәбірленушінің жауабын жариялауға тыйым салды

0
120

Сот отырысы басында судья Айнагүл Түкібаева жәбірленушінің және басқа да қатысушылардың сотта берген айғақтарын БАҚ-та таратуға тыйым салды.


Хасан Қасымбаев ісі: сот жәбірленушінің жауабын жариялауға тыйым салды

Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

ERNUR.KZ. Талғарда Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Сот отырысы басында судья Айнагүл Түкібаева жәбірленушінің және басқа да қатысушылардың сотта берген айғақтарын БАҚ-та таратуға тыйым салды.

"Соңғы сот отырысынан кейін әлеуметтік желілерде жәбірленушінің айғақтары мен сот залынан бейнежазба жарияланды. Осыған байланысты сотта берілген жәбірленушінің және басқа да қатысушылардың айғақтарын жариялау шектеледі. Бұл талап – жәбірленушінің жауаптарының әлеуметтік желілерде таралуы сотта әлі сөйлемеген куәлардың айғақтарының шынайылығы және объективтілігіне әсер етпеуі үшін енгізілді", – деп түсіндірді судья.

Осыдан кейін журналистерді сот залынан шығарып, трансляция жүргізіліп отырған баспасөз орталығына орналастырды.

Алайда БАҚ өкілдері наразылық білдірді. Олардың айтуынша, сот процесіне қатысушылардың тізімі берілмеген, сондықтан кімнің сөйлеп жатқанын анықтай алмайды. Жауап ретінде соттың баспасөз қызметі толық тізімді ұсынды. Құжатқа сәйкес, айыпталушы Хасан Қасымбаевтың бірден бес қорғаушысы бар.

Дело Хасана Касымбаева, список участников судаФото: соттың баспасөз қызметі ұсынған.

Еске салайық, бұған дейін сот отырысында Руслан Әлиев бұзақылықты мойындап, қалған айыптарды теріске шығарды. Мадияр Қалимжанов бұзақылықты ішінара мойындап, қалған баптармен келіспеді. Сайлау Ақжанов кінәсін мойындамады. Данияр Асқаров пен Нұрмұхаммет Сұлтанбеков кінәсін толық мойындамады.

Бұған дейін сотта прокурор Ерлан Құланбаев адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (жәбірленуші - ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімов) және бопсалау (жәбірленуші - Әріпжан Тәжиев) істері бойынша егжей-тегжейлі айыптау актісін оқыды.

Кейін прокурор Арман Әлімовтың соққыға жығылуы салдарынан алған жарақаттарына қатысты сот-медициналық сараптаманың қорытындысын жария етті.