Халықты қаржы пирамидаларына тартатындар да түрмеге отырғызылады – президент

0
92

Мемлекет басшысы тиісті заңнамалық түзетулер әзірленсе, бәрін қолдауға дайын екенін де айтты.


Халықты қаржы пирамидаларына тартатындар да түрмеге отырғызылады – президент

фото: Акорда

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы пирамидаларына адам тартатын азаматтар үшін қылмыстық жазаға енгізуді тапсырды, деп жазады sputnik.kz.
Былтыр қаржы пирамидаларына қатысты жүздеген іс тергелді. Алайда қабылданып жатқан шаралар да, түсіндіру жұмыстары да жағдайды түбегейлі өзгерте алмай отыр. Президенттің айтуынша, проблеманың түп тамырын анықтаған жөн.
"Өз әрекетінің заңсыз екенін біле тұра, адамдарды түрлі алаяқтық схемаларға тартатын пирамида қатысушыларына құқықтық жауапкершілік енгізу мәселесін қарастыру қажет. Мұндай алаяқтарды немесе қымсынбай қылмысқа баратын жандарды түрмеге қамап, қылмыстық жазаға тарту керек", - деді Тоқаев қаржылық мониторинг агенттігіндегі жиында.
Мемлекет басшысы тиісті заңнамалық түзетулер әзірленсе, бәрін қолдауға дайын екенін де айтты.
"Мәселені қарастырыңыздар. Осы тектес батыл шешімдер қабылдамасақ, ахуалдың оңала қоюы екіталай. "Баяғы жартас – сол жартас" күйінде қала береді", – деді президент.