"Халық мұң-мұқтажын айтып, Ақордаға шағымдануға мәжбүр": Тоқаев жергілікті билікті сынады

0
102

Тоқаев шағымдардың басым бөлігін жергілікті деңгейде қарап, дер кезінде шешуге болатынын айтты.


фото: sputnik.kz.

ERNUR.KZ. Барлық деңгейдегі билік өкілдері халықпен ашық әрі түсінікті әңгіме, сұхбат орната білуі керек, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында. Президенттің айтуынша, шын мәнінде, мұқтаж адамдар аз емес, оларға қолғабыс ету керек, деп жазады sputnik.kz.

"Бүгінде орталыққа аймақтардан жолданатын арыз-шағымдар көбейіп кетті. Бұл мәселе туралы мен Жолдауымда айтып өттім. Былтыр Президент әкімшілігіне шамамен 83 мың өтініш келіп түскен. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға көп", - деді Тоқаев.
Тоқаев шағымдардың басым бөлігін жергілікті деңгейде қарап, дер кезінде шешуге болатынын айтты.
"Ашығын айтқанда, жұрт өңірдегі биліктен ең қарапайым деген мәселелерге қатысты түсініктеме ала алмайды. Содан соң азаматтар елордаға хат жолдап, тікелей президентке жүгініп жатады. Шын мәнісінде, олардың арасында үнемі арыз жазатын "кәсіби" шағымданушылар бар, бірақ көбі өз мұң-мұқтажын айтып, Ақордаға шағымдануға мәжбүр", - деді ол.

Президенттің айтуынша, мәслихат депутаттары халық пен билік арасындағы көпір болуға тиіс. Осы маңызды жұмысқа олардың құзыреті толық жетеді деді.