"Кеше ғана жаз еді": Шығыс Қазақстан облысында қар жауды

0
147


Фото: әлеуметтік желіден
ERNUR.KZ. Қазақстанның шығысына қар жауды. Әлеуметтік желілерде 31 тамызда жауған қардың видеолары тарап жатыр, деп жазады stan.kz.


Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, кеше Риддер тауларында алғашқы қар жауған.

"Кеше Риддердің таулы аймақтарында қар жауды. Қаланың өзінде қар жоқ", "Бірден күн суытып кетті ғой", "Кеше ғана жаз сияқты еді", - деп жазуда желі қолданушылары.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, қазір еліміздегі ауа райына Жаңа Жер аймағынан келген суық ауа массаларымен толыққан антициклон әсер етуде. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді.

Алдағы уақытта солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнгі уақытта ауа температурасы +2…+8°С-қа дейін төмендеп, 2°С-қа дейін үсік жүруі мүмкін.

Тіпті оңтүстік-шығыс өңірлерде күндізгі уақытта ыстық бәсеңдеп, ауа температурасы +20…+28°С шамасында болады.

Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысы Иран аймағынан келген жылы ауа массаларының ықпалында болады, онда әлі де +32…+40°С-қа дейін ыстық сақталады.