Кене шаққан: Ақмола облысында жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр

0
137

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр, сана деңгейі бұзылған деп бағаланып отыр.


Кене шаққан: Ақмола облысында жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр

фото: Sputnik / Игорь Зарембо

ERNUR.KZ. Ақмола облысында кене шағып алған жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Жасөспірімнің қазіргі жағдайы ауыр, дейді дәрігерлер.
"17 жастағы науқасқа кене вирустық энцефалиті диагнозы қойылған. Жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр, сана деңгейі бұзылған деп бағаланып отыр", - дейді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасында.
Дәрігерлер баланың өмірін аман алып қалу үшін барынша күресіп жатыр, дейді басқармада.
Кене энцефалиті – орталық жүйке жүйесін зақымдайтын вирустық ауру.