Әлеуметтік желіде 3 жасар баланың қаздан қорқып жылап қашқан сәті түсірілген видео кеңінен таралуда. Видео көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
ERNUR.KZ. Ақтөбелік балақайдың қаздан қорқып, жүгіріп бара жатқан видеосы әлемге тарады, деп жазады baq.kz.
Әлеуметтік желіде 3 жасар баланың қаздан қорқып жылап қашқан сәті түсірілген видео кеңінен таралуда. Видео көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Аталған бейнежазбаны америкалық рэпер Snoop Dogg өзінің парақшасында жариялаған.
Қаздан қашып жүрген сары томпиым, - деп жазған баланың әкесі Махамбет Ермеков инстаграм парақшасында.
Әкесі баласының қаздан қорыққан сәтін 9 тамыз күні түсіріп, TikTok-қа жүктеген. Нәтижесінде ол жерде 25 миллионнан аса қаралым жинаса, ал Instagram желісінде 105 миллионнан аса қаралым жинаған.