1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік борыш жыл басынан бері 40 млрд теңгеге ұлғайған.
ERNUR.KZ. Қазақстанның мемлекеттік борышы белгіленген шекте қалады, деп жазады baq.kz.
Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді.
Айтуынша, 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік борыш жыл басынан бері 40 млрд теңгеге ұлғайған.
Мемлекеттік борыш 31,9 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 21,1 % құрады. Негізгі өсу факторы – республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру және бұдан бұрын тартылған қарыздарды игеру болып саналады. Бұдан басқа, биыл 24 маусымда Қаржы министрлігі 2,5 млрд доллар сомасына евробондтар орналастырды. Бұл жиынтық борышты ұлғайтпай, 2015 жылғы сыртқы міндеттемелер бойынша алдағы төлемдерді толығымен қайта қаржыландыруға мүмкіндік берді, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Осылайша, сыртқы нарықта квазимемлекеттік сектор субъектілері/нің болашақта қарыз алуы үшін кірістілік бағдары айқындалды.
Жыл басынан бері "Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа Заң қолданысқа енді. Негізгі нәтижелерді өткен жылмен салыстыратын болсақ:
біріншіден, шарттар сомасының көлемі 2 есеге өсті;
екіншіден, берілген шағымдар үш есе азайды;
үшіншіден, отандық тауар өндірушілерден сатып алу сомасы 2,5 есеге, жасалған келісімшарттар саны 43%, өсті;
төртіншіден, сатып алу мерзімдері 3-6 есеге қысқарды.
Бұл ретте, жалпы ішкі өнімнің өсімі қарқынының арқасында, мемлекеттік борыштың жалпы ішкі өнімге қатынасы 2020 жылғы 29,2%-дан 2024 жылы 23,5%-ға дейін төмендеуі жалғасып жатыр. 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқару тұжырымдамасында белгіленген жалпы ішкі өнімге 32% көлеміндегі мемлекеттік борыш лимиті сақталып отыр, - деді Қаржы министрі.
Еске салайық, бүгінгі Үкімет отырысындағы жиында 2025 жылғы қаңтар–маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері талқыланады.