Қазақстанның 15 миллион тұрғынының дерегі даркнетте сатылымға шықты

0
101

eGov-қа қатысты мәселелер бұған дейін де болған.


Қазақстанның 15 миллион тұрғынының дерегі даркнетте сатылымға шықты

Фото: Mash

ERNUR.KZ. Қазақстанда 15 миллион адамның жеке дерегі даркнетте сатылымға шығарылғаны туралы ақпарат тарады. Хакердің мәлімдеуінше, көлемі 2,7 ГБ болатын база мемлекеттік eGov жүйесін бұзу арқылы алынған, деп жазады stan.kz.

Mash Telegram арнасының мәліметінше, shymzz13 лақап атындағы қолданушы файлды 0,5 биткоинге, яғни шамамен 32 мың долларға бағалаған. Көлемі 2,7 ГБ болатын базада 47 миллион жол ақпарат бар. Оның ішінде төлқұжат деректері, телефон нөмірлері, электронды пошта мекенжайлары, жұмыс орындары, құжаттардың скан-көшірмелері және құпиясөздер қамтылғаны айтылған.

Егер ақпарат расталса, онда ел халқының төрттен үшіне жуық азаматының жеке деректері телефон нөмірінен бастап құжаттары мен құпиясөздеріне дейін алаяқтардың қолына түсуі мүмкін.

Еске салсақ, eGov-қа қатысты мәселелер бұған дейін де болған. Тамыздың басында сервис кейбір қолданушыларға басқа адамдардың жеке парақшаларын көрсетіп қойған. Ал көктемде қазақстандық қаржыгер eGov арқылы компанияны тіркегеннен кейін бірнеше сағаттан соң жарнамалық қоңыраулар ала бастаған. Киберқауіпсіздік мамандары бұл базаны украиналық колл-орталықтар сатып алуы мүмкін деп алаңдайды.