Қазақстанға Шакира келуі мүмкін

0
80

Бұған дейін елордада Дженнифер Лопестің концерті ауқымды көлемде аншлагпен өтті.


Қазақстанға Шакира келуі мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанға Дженнифер Лопестен соң іле-шала әлемдік супержұлдыз Шакира келіп концерт қоюы мүмкін, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы "Астана Концерттің" продюсері Мәлік Хасенов мәлімдеді.

Мен сіздерге кішігірім құпияны ашайын. Біз онымен (Шакира – ред.) келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұйырса, күзде белгілі болады. Жаңалық күтіңіздер, - деді ол әншінің Астанаға келуі мүмкін екендігін тұспалдап.

Егер әншімен келіссөз жүргізу мүмкін болса, Қазақстанға тағы да бір әлемдік мегажұлдыз келуі ғажап емес.

Хасеновтің айтуынша, келіссөздер белсенді жүргізіліп жатыр және соңғы шешім биыл күзде қабылданады.

Еске салайық, бұған дейін елордада Дженнифер Лопестің концерті ауқымды көлемде аншлагпен өтті. Мегажұлдыздың шоуын 25 мың көрермен тамашалады.