Солтүстік пен шығыста қар мен боран күтіледі.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Қазгидромет синоптиктері 1, 2, 3 және 4 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады tengrinews.kz.
Синоптиктер мәліметінше, Қазақстан аумағына солтүстік циклон келіп, жауын-шашын мен айтарлықтай суық әкеледі.
Солтүстік пен шығыста қар мен боран күтіледі
Циклон Қазақстан аумағы арқылы жылдам жылжып, жаңбырды қарға ұластырады. 4 қарашада елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде қар, кей жерлерде қалың қар, сондай-ақ боран, екпінді жел және көктайғақ болады деп болжанған.
Ауа температурасы бірден төмендейді: түнде –5 пен –13 градус аралығында, күндіз –3 пен –11 градус аралығында болады.
Суық оңтүстікке де жетеді
Суық фронт Қазақстанның оңтүстігіне де таралады. 4 қарашада жаңбыр мен дымқыл қар күтіледі, кейін мұнда да ауа температурасы төмендейді: түнде –13 градусқа дейін, ал күндіз +5 градустан жоғары болмайды.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
