Қазақстандықтарға "111" нөмірі жайлы еске салынды

0
101

Қоңыраулар тәулік бойы қабылданады, түскі үзіліссіз, демалыс және мереке күндері де үздіксіз жұмыс істейді.


Қазақстандықтарға

Фото: pexels

ERNUR.KZ. "111" жедел қызметі 2017–2018 жылдары балалар құқықтары жөніндегі уәкілдің жанынан құрылған еді. Сол уақыттан бері оның операторлары мен жауапкершілік аймағы өзгерді, деп жазады zakon.kz.

"Азаматтарға арналған үкімет" баспасөз қызметі егер сіз қиын өмірлік жағдайға тап болсаңыз, "111" нөміріне қоңырау шалып, психологиялық және заңгерлік кеңес ала алатындығыңызды еске салды.

"111" байланыс орталығы – бұл отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету үшін құрылған қызмет", – деп түсіндірді ведомство.

Орталық мамандары кеңес беріп қана қоймай, қиын жағдайға тап болған әрбір адамға көмек көрсетуді ұйымдастырады, қажет болған жағдайда ақпаратты мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, үкіметтік емес және басқа да ұйымдарға жолдайды.

Байланыс орталығының негізгі қағидаттары:

  • қолжетімділік;
  • жеделдік;
  • тиімділік;
  • құзыреттілік;
  • құпиялылық.

"111" нөміріне қоңырау шалу арқылы қандай көмек алуға болады:

  • отбасы мәселелері бойынша заңгерлік және психологиялық кеңес;
  • зорлық-зомбылық пен қатыгездік жағдайларында қолдау мен көмек;
  • балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңес;
  • төтенше жағдайларда көмек көрсету және қажет болғанда ақпаратты тиісті қызметтерге жеткізу.

Егер сіз қиын өмірлік жағдайға тап болсаңыз, "111" нөміріне жүгіне аласыз.

Қоңыраулар тәулік бойы қабылданады, түскі үзіліссіз, демалыс және мереке күндері де үздіксіз жұмыс істейді. Анонимдік пен жеке деректердің қорғалуына кепілдік беріледі.