Қазақстандықтардың қызметі тоқтаған банктердегі ақшасы зейнетақы қорына аударылады

0
136

Депозиттерге кепілдік беру қоры қызметі тоқтаған банктерде қалып қойған ақшасы зейнетақы қорына аудару механизмін енгізді.


Қазақстандықтардың қызметі тоқтаған банктердегі ақшасы зейнетақы қорына аударылады

Фото: Ru.freepik.com

ERNUR.KZ. Енді қазақстандықтардың қызметі тоқтаған банктерде қалып қойған ақшасы зейнетақы қорына аударылады, деп жазады stan.kz.

Депозиттерге кепілдік беру қоры қызметі тоқтаған банктерде қалып қойған ақшасы зейнетақы қорына аудару механизмін енгізді.

Деректерге сәйкес, бүгінде жабылып қалған банктердің клиенттеріне 114 миллиард теңгеден астам қаржы өтемақы түрінде қайтарылуы тиіс. Алайда 240 мыңнан астам азамат өз ақшасын алуға асықпайды. Олар өтініш те жолдамаған.

Іздеуі жоқ ақшаны сол адамдардың зейнетақы қорына жіберу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде 270 мың қазақстандықтың жинағына жалпы 830 миллион теңге түскен.