Қазақстандықтардың банктердегі жинағы 30 триллион теңгеден асты

0
281


Қазақстандықтардың банктердегі жинағы 30 триллион теңгеден асты

Фото: ЖИ көмегімен жасалды

ERNUR.KZ. Отандастарымыздың екінші деңгейлі банктердегі жинағы 30 триллион теңгеден асып, рекорд орнатты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында халықтың банктердегі ақшасы 7%-ға көбейген. Оның ішінде теңгемен сақталған ақша 9,5%-ға өссе, шетел валютасындағы жинақтар 3,4%-ға азайған.

Тұрғындар көбінесе ақшасын қайта толықтырып отыруға болатын мерзімді және жинақ салымдарына жиі салады екен.

Сонымен қатар балалардың білім ақысына немесе баспанаға жинайтын арнайы депозиттері де 12%-ға көбейген.

Халықтың ақшасын қорғайтын арнайы қордың жағдайы тұрақты. Бүгінде қорда банктердің жарнасы мен инвестициядан түскен табыс есебінен жиналған 1,73 триллион теңге резерв бар. Бұл заң талаптарынан да артық (талап бойынша кемінде 5% болуы керек, ал қазір бұл көрсеткіш 5,8%-ға жетті). Бұл жүйе толығымен өздігінен жұмыс істейді және мемлекеттік бюджетке тәуелді емес.