Қазақстандықтар TazaQazBot арқылы 50 мың өтініш жолдады

0
135

​Экология мәселелері бойынша халықпен жедел кері байланыс орнату үшін «TazaQazBot» Telegram-боты іске қосылды.


Қазақстандықтар TazaQazBot арқылы 50 мың өтініш жолдады

ERNUR.KZ. Сервис «eGov Mobile» қосымшасында да қолжетімді. Ол қоршаған ортаның жай-күйіне қатысты өтініштерді фото және бейнематериалдармен қоса, геолокацияны көрсете отырып жіберуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР ЭТРМ Цифрлық трансформация және жобалық басқару департаментінің директоры Данна Оразкалиева мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, жүйе іске қосылғалы бері халықтан 50 мың өтініш түскен. Оның 94%-ы орындалған.

«Бұл – шағымдар мен өтініштерді жедел жіберуге мүмкіндік беретін құрал. Тиісті әкімдік өтінішті қабылдап, жұмыс жүргізеді. Шағым жолдаған азаматтарға бес жұмыс күні ішінде мәселенің шешілгені туралы кері байланыс беріледі», – деп түсіндірді Данна Оразкалиева.