Қазақстандық журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті

0
227

Дәрігерлердің мәліметінше, оған миға кең көлемді қан құйылу диагнозы қойылған.


Қазақстандық журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті

Ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Қазақстандық журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті, деп жазады tengrinews.kz.

Дәрігерлердің мәліметінше, оған миға кең көлемді қан құйылу диагнозы қойылған. Медициналық бақылауға сәйкес, Ахметшәріп қазіргі таңда кома жағдайында жатыр. Бірнеше күн бұрын журналист Facebook әлеуметтік желісінде Ақтаудан фото және видеомен бірге жазба жариялап, қалаға төрт күнге іссапармен келгенін жазған.

Қазіргі уақытта Диас Ахметшәріп – Туризм және спорт министрінің қоғаммен және БАҚ-пен байланыс жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарады. Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігі жанындағы нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңестің мүшесі.