Қазақстандық пауэрлифтер Гузаль Ергешева Англияда қайтыс болды

0
133

​Ұлыбританиядан марқұмның денесін елге жеткізу процедурасы жайлы Қазақстан консулдығының өкілдерінің көмегі қажет.


Қазақстандық пауэрлифтер Гузаль Ергешева Англияда қайтыс болды

Фото: facebook.com/Guzlama

ERNUR.KZ. Қазақстандық спортшы, пауэрлифтер Гузаль Ергешева 8 тамызда өзі жұбайымен бірге тұрып жатқан Англияда көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оның өлімі туралы тележүргізуші Адель Оразалинова (Адель Смит) хабарлады. Ол спортшымен 30 жылға жуық уақыт бойы өте жақын дос болғанын айтты.

Оның сөзінше, ұстама түнде, ұйқы кезінде болған. Оның алдында Ергешева күйеуінің туыстарымен уақыт өткізіп, кейін құрбысымен кездесіп, оған күннің қаншалықты жақсы өткенін айтып берген.

«Ол махаббатқа толы, сүйікті, қажетті, ісін тапқан, жарқын, жоспарлары көп әрі керемет бауырмал күйде өмірден өтті», - деп жазды Адель Оразалинова.

Қазіргі уақытта Гузаль Ергешеваның отбасы спортшының денесін жерлеу үшін Қазақстанға қайтару жұмысымен айналысып жатыр. Адель Оразалинова оқырмандарынан Ұлыбританиядан марқұмның денесін елге жеткізу процедурасы туралы ақпарат сұрап, Қазақстан консулдығының өкілдерімен байланысуға көмектесуін өтінді.

«Онымен дос болғанымызға 30 жылға жуықтады. Үлкен және кішкентай қыздың өте ерекше достығы еді», - деп жазды Адель Оразалинова.

Еске сала кетейік, 2017 жылы пауэрлифтер Гузаль Ергешева Канадада өткен бойы аласа адамдар арасындағы әлем чемпионатында «алтын» медаль жеңіп алған болатын.