Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады

0
74

Екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды.


Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады

Фото: Zakon.kz/Алия Абди

ERNUR.KZ. Бүгін, 2025 жылғы 22 желтоқсанда, Оқу-ағарту министрлігі сайтына Қазақстандағы мектеп оқушыларының қысқы каникулының қашан басталып, қашан аяқталатынын мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Ведомство дерегіне сәйкес:

"Қазақстан мектептеріндегі каникул 10 күнтізбелік күнге созылады – 2025 жылғы 29 желтоқсаннан 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін (қоса алғанда)".

Мамандар балаларға бос уақытты тиімді әрі пайдалы өткізуге кеңес береді.

Атап айтқанда:

  • кітап оқу;
  • танымдық экскурсияларға, көрме залдарына, ғылыми орталықтарға бару;
  • спорттық ойындарға қатысу, коньки мен шаңғы тебу;
  • қайырымдылық акцияларына және басқа да іс-шараларға қатысу.

Айта кетейік, бұған дейін, күз мезгілінде, Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) жазғы демалыс кезінде қанша оқушы жұмысқа орналасқанын хабарлаған болатын.