Қазақстандық оқушылар халықаралық физика олимпиадасында әлем чемпионы атанды

0
111

Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында 29 маусым мен 8 шілде аралығында өткен халықаралық білім додасына әлемнің 21 елінен оқушылар қатысқан болатын.


Қазақстандық оқушылар халықаралық физика олимпиадасында әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық оқушылар Халықаралық ғылыми физика олимпиадасында (ISPhO-2025) жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алды. Ел құрамасының қоржынында 4 күміс, 1 қола медаль бар, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында 29 маусым мен 8 шілде аралығында өткен халықаралық білім додасына әлемнің 21 елінен оқушылар қатысқан болатын.

Олимпиада екі негізгі кезеңнен тұрды: теориялық және эксперименттік кезеңдер. Әр қатысушы жеке есепте екі бағыт бойынша бағаланды. Қорытындысында 5 оқушымыз елге 10 марапатпен оралды.

Күміс медаль иегерлері:
Роман Черемнов – Алматы қаласы «Мирас» мектебінің 11-сынып оқушысы;
Таир Әбдіқадыр –Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы;
Альтаир Аканов – Астана қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы;
Илияс Қазымбек – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы.

Қола медаль иегері:

Даниэль Тюлюбаев – Астана қаласы «NURORDA» мектеп-лицейнің 11 сынып оқушысы.

Сондай-ақ, теориялық айналым нәтижелері бойынша Роман Черемнов, Илияс Қазымбек 1-дәрежелі дипломға, Даниэль Тюлюбаев, Таир Әбдіқадыр, Альтаир Аканов 2-дәрежелі дипломға ие болды.

Жетекшілері: Самат Максутов — PhD докторы, CDU доценті, Назарали Айтжанов — CDU магистрі.