Қазақстандық оқушы арықтаймын деп асқазанына шар орнатып, өлім аузынан қалды

0
99

Ясминаның отбасы шар орнату үшін 500 000 теңге төлеген.


Қазақстандық оқушы арықтаймын деп асқазанына шар орнатып, өлім аузынан қалды

фото:stan.kz.

ERNUR.KZ. Қостанайда мектеп оқушысы тез арада арықтау үшін жеке медициналық орталыққа барып, асқазанына шар салдырған. Алайда салмақ тастаудың орнына ол төсекке таңылып, бір өлімнен аман қалды, деп жазады stan.kz.

1 жыл бұрын Ясмина Шагатаева мектепті бітіру кешінде арық болғысы келіп, Kes Clinic жеке медициналық орталығына хабарласқан. Айтуларынша, асқазанына арнайы шар салса, тамақты аз жейтін болады.

"Барлығы бұл қауіпсіз әдіс деді. Мен клиникамен WhatsApp чаты арқылы хабарластым. Содан кейін біз дәрігермен жеке кездестік. Олар маған алаңдауға ешқандай себеп жоқ деді. Себебі кесу немесе тесу емес, тек өңеш арқылы асқазанға енгізілген кішкентай шар деп түсіндірді", – деді Ясминаның анасы Бибігүл Ибраева.

Процедурадан бұрын Ясмина көптеген тексерулерден өтті. Қыздың СОЭ деңгейі (ағзадағы қандай да бір қабыну процесін көрсететін маркер) жоғары болған.

"Мен қазір қалыпты СОЭ 15 екенін білемін, бірақ сол кездегі қызымда 30 болды. Бірақ клиника оған мән бермеді, шарды енгізу күнін тез белгіледі. 20 сәуір деп белгіледі. Оған дейін олар маған құжаттар әкелді, мен оларға қарамай қол қойдым. Бұл мен үшін өте ауыр жағдай болды, қызым үшін алаңдадым”, – деді ана.

Процедурадан кейін дәрігер процедураның сәтті өткенін айтты.

Ясминаның отбасы шар орнату үшін 500 000 теңге төледі.

Клиникадан шыққан соң Ясминада қыжыл пайда болып, іші ауырып, жүрегі айныған. Алайда клиникадағылар оңалу үшін уақыт қажет екенін айтып, алаңдайтын ештеңе жоқ деген. Үш күн қиналғаннан кейін қайтадан ауруханаға жатқан. Онда дәрі еккен. СОЭ 47-ге көтеріліп кетті.

Қазан айында Ясмина Қостанайда 18 жасқа толды. Иә, ол салмақ жоғалтты. Бірақ оқу оқып жүргенінде, 30 қазан түні шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.

Алматы қаласының №12 орталық клиникалық ауруханасында оған диффузиялық іріңді перитонит диагнозы қойылып, шұғыл ота жасалды. Олар төрт сағаттан астам уақытқа созылған іш қуысына операция жасауға мәжбүр болды. Ясминаның ішінен шар алынып тасталды, ал асқазанының бір бөлігіндегі жараны кесіп тастады.

"Олар бізді кездесуге шақырып, 3 миллион бөліп төлеуге уәде беріп, ақша ұсына бастады. Ясмина бұл туралы білгенде, егер ақша алсақ, басқа адамдар да осындай жағдайға тап болуы мүмкін екенін айтып, келісімнен бас тартты. Ал олар бізге көбірек ақша ұсына берді. Ақыры 12 миллион теңгеге жеткенде, олар ақша ұсынуды тоқтатты. Сол кезде біз фармацевтикалық бақылау бөліміне шағым түсірген едік”, – дейді қыздың әкесі Тимур Шагатаев.

Kes Clinic шағымға жауап ретінде Ибраеваның процедураға қол қойған келісімі, Ясминаның медициналық қызметтеріне қарсы көрсетілімдердің болмауы, диета ұстану керек екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ шарды енгізгеннен кейін төрт-алты айдан кейін алып тастау керек екен.

Алайда Бибігүл Ибраева оны алып тастау керегін ескертпеді дейді.

"Процедурадан кейінгі бүкіл кезеңде пациент және оның заңды өкілі ай сайынғы жоспарланған бақылауға қатыспады, клиникаға денсаулығына қатысты шағымдармен хабарласпады, жағымсыз белгілер туралы хабарламады және медициналық тексеруден өтпеді.Олар шардыда алып тастауды сұрамады", – деп мәлімдеді клиника.

Kes Clinic-та сараптамалық медициналық комиссия да құрылды. Комиссия әріптестерінің пайдасына шешім шығарды.

Ясминаның ата-анасы клиниканың қызметін мұқият тексеруді талап етеді. Олар медициналық қызметтерді кәсіби емес мамандар көрсеткенін, науқасты қажетті біліктілігі жоқ адам емдегенін және ол қажетті дәрі-дәрмектер мен рецепттерді WhatsApp арқылы бергенін айтады.

Алайда қылмыстық іс сол күйі қозғалған жоқ.